Ұстаздар үйінде Президент Жолдауы талқыланды

2022 жылдың 6 қыркүйек күні қоғам өкілдерінің қатысуымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын талқылау мақсатында кездесу өтті.

Жиынға институт директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева, қалалық мәслихат депутаттары А.Е.Муханова, Р.О.Байлиева, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент  Ж.Т. Төлепберген, Ақтөбе қаласы Қоғамдық кеңесінің  мүшесі А.А.Сейтжаппарова    қатысып, Жолдауды жүзеге асыру аясында өңірлік партия филиалдары алдында тұрған негізгі міндеттерді кеңінен түсіндірді.

Спикерлер биылғы Жолдаудың өз ерекшелігі бар екендігін айтып, елдің игілігіне бағытталған басты құжатта ел өміріне қатысты салмақты дүниелер мен білім, әлеуметтік  салаға қатысты маңызды жаңалықтар жария етілгендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ алға қойылған міндеттерді, басымдылықтар мен тапсырмаларды орындауда әрбір азаматтың өз үлесін қосуына шақырды, педагогтардың қойылған  сұрақтарына жауап берді, қатысушылар  мазмұнды да сындарлы кездесу үшін алғыс білдірді.

Жиынға қатысқан қоғам белсенділері, Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұжымы, облыс педагогтары биылғы Жолдаудағы негізгі бағыттарды талқылап, бірауыздан қолдау білдірді.

Нургуль Абишева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий