“Алматыкітап баспасы” Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен мектептердің балалары мен мұғалімдеріне көмек көрсетеді

Баспа Қостанай облысындағы алапат өртке байланысты қашықтан оқу форматына көшкен мектептердің балалары мен мұғалімдеріне TopIQ білім беру платформасын пайдалануға мүмкіндік береді. «Алматыкітап баспасы» Қостанай облысының мұғалімдерімен шығармашылық ынтымақтастықта үлкен жетістіктерге жеткенін атап өткіміз келеді, – деп хабарлайды осы баспаның баспасөз қызметі.

Өңірде оқулық жазуға атсалысқан  авторларымыз көп, жақында біз «Leader TopIQ» байқауының жеңімпаздарын марапаттадық. Бұл жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай емес, бәрімізге ортақ қасірет. Баспа қызметкерлерінің барлығы осы сын сағатта апатты жағдайда қалған балаларды баспа оқулықтарымен қамтамасыз етудің оңай емес екенін түсінеді. Біз балаларға көмектесу акциясына қосыламыз.

Баспамыз Қостанай облысының Білім басқармасына TopIQ.kz электрондық оқулықтар платформасын жыл соңына дейін тегін пайдалану үшін 3000 лицензия беретінін хабарлаймыз. Өрттен зардап шеккен немесе эвакуация орталығына айналған мектептердің оқушылары https://topiq.kz сайтында орналасқан TopIQ білім беру платформасы арқылы көлемді кітапханаға қол жеткізіп, мұғалімдер оқу процесін ұйымдастыру үшін платформаның барлық функциясын пайдалана алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий