“Мектепке жол” – мейірімділік нышаны

Жыл сайын дәстүрлі түрде  республика көлемінде өткізілетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын тапты. Тамыз айының 1 – інен  30- шы қыркүйекке дейін  еліміздің түкпір түкпірінде мектепке дайындық мақсатында жүргізілуде. 

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына жаңа оқу жылы қарсаңында көмек қолдау көрсету, әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмей қалу жағдайын болдырмау. Осы қайырымдылық акциясы аясында  Түрксіб ауданындағы № 44 мектеп-гимназия ұжымы белсенді іс атқаруда. Ең алдымен көмек мемлекет тарапынан басталды.

Көп балалы, аз қамтылған отбасы, жартылай жетім отбасы балалары жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан әр оқушыға 43 мың теңге көлемінде мектеп формасын сатып алуға ақшалай көмек алды. Бұған қоса қосымша мектеп оқушыларына «КАЗМГПРОМ» ЖШС-і ұжымы 19  оқушыға мектеп  формасын ұсынды. Түрксіб ауданы әкімшілігі тарапынан білім ордасын алғаш рет аттаған 10 оқушыға оқу құралдары салынған мектеп сөмкесі табысталды.

Мектеп жанындағы жеке кәсіпкер Рязановтар 10  оқушыға оқу құралдары жиынтығын сыйға тартты. «SALIQALY URPAQ» қайырымдылық қоры 3 оқушыға оқу-құралдарына толы мектеп  сөмкесін сыйлады. Қайырымдылық акциясына мектеп ата-аналары да өз үлестерін қосып жатыр. Пескелиди К, Мочалова Л. сынды ата-аналар 4 балаға мектеп формасын, және оқу құралдар жиынтығын үлестірді.

Жаңа оқу жылында жақсы істің бастамасы саналған акцияға белсене қатысып жатқан барша жанға алғысымыз шексіз. Жақсылық жасау, мұқтаж жанға көмек қолын созу – адамдық борышымыз. Қайырымдылық қазақтың қанына сінген асыл қасиет. Осы қасиетімізді ұрпаққа үлгі етіп, үнемі жалғастыра жүрейік. Акция әлі жалғасын табуда.  

Әсел Муратқызы ИМАШЕВА,
№ 44 мектеп-гимназияның әлеуметтік
педагогы, Алматы қаласының Түрксіб ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий