Министр Саясат Нұрбек Қозыбаев университетінің оқытушыларымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында М.Қозыбаев атындағы өңірлік жоғары оқу орнының оқытушыларымен және қызметкерлерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын талқылады, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

Кездесудің негізгі тақырыбы жоғары білім беру саласы және оның дамуы болды. Министр Саясат Нұрбек қазірдің өзінде бірнеше өзгерістер жоспарланғанын атап өтті. – Отыз жыл ішінде ғылым мен жоғары білім беру саласы қаржыландыру, инфрақұрылым, ресурстар, сондай-ақ білім беру сапасы тұрғысынан өзгерді. Биыл 7 өңірдің балалары Қозыбаев университетіне оқуға түсуге келді. Бұл өте жақсы үрдіс. Бірнеше жыл ішінде алғаш рет аймақтан кететін түлектердің пайызы төмен. Қос диплом бағдарламасы қарқын алған кезде, қала, өңір мен елдің дамуына өз үлесін қосатын талантты студенттер үшін тартылыс нүктесіне айналады, – деп бөлісті Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар, министр студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселелерін қалай шешу жоспарланғанын, эндаумент-қорлар не үшін қажет екенін, сараланған гранттар қалай бөлінетінін және т.б. түсіндірді. Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Министр университет ұжымының аккредиттеудің жаңа стандарттары мен педагогтар мәртебесіндегі өзгерістер туралы сұрақтарына жауап берді.