Оқу жетістіктерінің мониторингі – білім сапасын арттыру тәсілі

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте 2022 жылдың 6-23 қыркүйек аралығында 7-12 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін анықтайтын мониторинг жүргізіледі. Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау саясатына сәйкес  мониторинг жыл сайын қыркүйек, қаңтар, сәуір айларында жүйелі жүзеге асырылады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Мониторингтің негізгі мақсаты – оқушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтарды анықтау, оқу үдерісінің жағдайын үздіксіз бақылау арқылы білім сапасын арттыру. Мониторингтік бақылау математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, Қазіргі әлемдегі Қазақстан, информатика, география пәндері бойынша компьютерлік тестілеу түрінде өтеді.

Сонымен қатар 8-12 сынып оқушылары тілдік пәндер бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, тыңдау мен сөйлеуді, оқу мен жазуды меңгеру деңгейін көрсететін болады. Жетінші сынып оқушылары үшін бұл бірінші, “кіріс” мониторингі болып табылады. Олар математика және тілдік пәндер бойынша берілген тест сұрақтарынан басқа, кеңістіктік ойлауға арналған тапсырмаларды орындайды.

Кеңістіктік ойлауға берілген тапсырмаларды орындай отырып, жетінші сынып оқушылары әртүрлі пішіндегі және өлшемдегі заттарды ойша қалай бейнелей алатынын, оларды кеңістікте қалай бөлуге болатынын, бейнелердің өлшемін ойша өзгерту және біріктіру жолдарын көрсетеді.

Мониторинг нәтижесінде алынған ақпарат мектеп әкімшілігіне жаңа мақсаттар қоюға негіз болады, мұғалімдерге оқушылардың ынтасын қалыптастыруға, қосымша сабақтар тағайындауға, оқу материалы бойынша тақырыптық жоспарлауға түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий