Аlmaty ustazy: мұғалімдерге 5 000 000 теңге көлемінде сыйақы
Алматыда «Almaty ustazy» атты жаңашыл -ұстаздар байқауы басталды. Алматының 36 жасқа дейінгі белсенді мұғалімдері қалалық жас мұғалімдер байқауына қатысып, бас жүлде 5 000 000 теңгені ұтып алуға мүмкіндік алды, ал жаңашыл педагогтардың 5 финалисті Финляндияда тағылымдамадан өте алады. Онда олар әлем қауымдастығы мойындаған оқу орындарын аралайды, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қыхметі.

Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматы озық білім беру технологияларының орталығына айналуға дайындалып жатыр, ал мұғалімдер инновацияларды, цифрлық технологияларды батыл пайдаланып, заманауи контент жасауға және балаларға жақын болуға шақырылады. Қазіргі ұстаз қандай болуы керек деген сауалға Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Әуесханқызы былай деп жауап берді.
– Мұғалім оқушыларды шабыттандырып, жетекші болуы керек. Шынында да, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 32 мыңнан астам оқушы барды, бұл өткен жылмен салыстырғанда балалар санынан мыңнан астам (оның ішінде 210 мемлекеттік және 91 жекеменшік мектептер) болды. Біздің «Аlmaty ustazy» байқауы үздік халықаралық спикерлердің кәсіби цифрлық дағдыларынан басқа, қазіргі білім беру жүйесіндегі оқыту әдісіне заманауи көзқарас пен құзыретті мұғалімдер қауымдастығын құруға мүмкіндік береді.
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау 1 тамызда басталды және өте аз уақыт қалды. 11 қыркүйекте енді өтініш беру мүмкіндігі болмайды. Байқауды ұйымдастырушылар мультимедиялық мақала форматында автордың оқыту әдістерімен және олардың оқыту философиясымен бөлісуге дайын жаңашыл мұғалімдердің қатысуына өтінімдерді күтуде.
Байқау 3 кезеңде болады, білім беру саласындағы көшбасшылардың, жетекші халықаралық спикерлердің қатысуымен вебинарлар мен мастер класстар өткізіледі. Мұғалімдерді «Аlmaty ustazy» байқауына белсене қатысуға, осылайша өздерінің кәсіби өсуіне ғана емес, цифрлық дәуірде жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін үйренуге қадам жасауға шақырамыз.
Ақпарат алу үшін немесе WhatsApp: info@almatyustazy.kz
+ 7 702 2742974. Әлеуметтік желілердегі «Almaty ustazy» байқауы: https://www.instagram.com/almaty_ustazy/?hl=ru
Загрузка...