Жамбылдық колледжде білім алатын қыздар мен ата-аналарына арналған кездесу ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «кәмелетке толмаған жасөспірім қыздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру» туралы дәріс оқылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Дарибаева Гүлзира Лесбайқызы мен облыстық ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы Ринат Даниярұлының модераторлығымен өткен іс-шарада «Қазақ аналары-дәстүрге жол!» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жүгінісова Айнұр Серікқызы мен облыстық жастар денсаулық үйлестірушісі Қалдыбаева Гүлзира Бекболатқызы қатысып, жыныстық тәрбие мәселесін маңызын баяндап, жасөспірім қыздар арасында жүктіліктің алдын алу мақсатында кеңес берді. Бұл кездесуге үш жүзге жуық білімгерлер мен ата-аналар қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий