Жаңа оқу жылының басынан бастап Қазақстан мектептерінде 1 500-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті.

Жаңа оқу жылының басынан бастап Қазақстан мектептерінде 1 500-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көбірек көңіл бөлуді талап ететін инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар даму ерекшеліктері бар оқушыларға мектепке бейімделуге көмектеседі, – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беруді қолжетімді және инклюзивті етуді тапсырды. Президент әрбір қазақстандық оқушының білім алуы және жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдай жасау керегін атап өтті. Ол үшін мектептерде педагог-ассистент лауазымы енгізілді.
– Былтырдың басында ел мектептерінде осындай 700 педагог жұмыс істесе, осы оқу жылының басында олардың саны 1 500-ге дейін көбейді. Педагог-ассистенттер ерекше балалармен жұмыс істеуде ерекше рөл атқарады, олар балаларды бағыттап, бейімделуге көмектеседі. Бұл ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистенттер техникалық қолдау да көрсете алады, мысалы, егер бала өздігінен қозғала алмаса. Сондай-ақ егер балаға дефектологтың көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау көрсетеді, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Сонымен қатар педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Оқу бағдарламалары ерекше балалардың қажеттіліктеріне қарай бейімделеді. Педагог-ассистенттер оларға өткен материалды меңгеруге көмектеседі.
Онымен қоса олар мектеп қабырғасында ерекше балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдайлардың сақталуын қадағалайды. Алдағы уақытта министрлік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагог-ассистент лауазымын енгізуді жоспарлап отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий