“Мемлекеттік тіл – менің тілім”: Ақмолалық оқушылар облыстық байқауда бақ сынады

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы. Іс – шара мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, өзге ұлт өкілдерінің оқушыларының қазақ тілі туралы білімдерін тереңдетуге, мемлекеттік тілде ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Байқауға Ақмола облысының 7 ауданы және Көкшетау қалаласынан барлығы 11 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – Васильева Малика, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №6 ЖОББМ, 7 сынып оқушысы; 1 орын – Козлова Карина, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының №1 ЖОББМ, 9 сынып оқушысы; 2 орын – Денежко Юлия, Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылының ЖОББМ, 9 оқушысы; 2 орын – Даравских Злата, Көкшетау қаласы №21 Мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.

Екінші орын – Савранов Жандәулет, Аршалы ауданы, Костомар ауылының НОББМ, 9 сынып оқушысы; 3 орын – Байрамова Фатима, Атбасар қаласы №3 ЖОББМ, 8 сынып оқушысы; 3 орын – Ермолаева Ангелина, Сандықтау ауданы, Веселое ауылының ЖОББМ 10 сынып оқушысы; 3 орын – Навроцкий Артем, Көкшетау қаласы, №21 мектеп-лицейі, 9 сынып оқушысы. Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий