Математика пәнінен ауыл мұғалімі “Болашақ” бағдарламасымен АҚШ-тың үздік университетінің докторантурасына түсті

Алматы облысының Жібек Жолы ауылындағы орта мектептің математика пәнінен мұғалімі Маржан Ержан «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың докторантурасында оқитын болады. «Болашақ» стипендиаты Оңтүстік Калифорния университетінде білім саласындағы басқаруды зерттейді, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
– Ата-анамның жолын қуып, ұстаз болсам деген арман пайда болды. Ауыл мектебінде математикадан сабақ беремін, көпбалалы отбасыдан балаларға ағылшын тілін тегін үйретемін. Өзім де ауыл мектебін бітірдім. Шетелде оқуға мүмкіндігім болады деп ойламаппын. «Болашақ» бағдарламасының арқасында отандастарымыз әлемнің үздік жоғары оқу орындарында академиялық білім алып, ғылыми дәреже алуға мүмкіндік алды. АҚШ-тың докторантурасын бітіргеннен кейін еліміздің білім саласын дамытуға өз үлесімді қосқым келеді, – деді Маржан Ержан.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы жүзеге асырылып келе жатқан 29 жыл ішінде білім саласы үшін 1058 маман шетелде даярланды. Қазіргі таңда олар бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 14 қазанға дейін «Болашақ» бағдарламасымен академиялық оқу мен тағылымдамадан өтуге құжаттар eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий