Елімізде жатақхана тапшылығы қашан шешіледі?

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан ұлттық арнасындағы «Жедел желі» бағдарламасында жауап берді, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызмкті.
– 2020 жылдан бастап «AMANAT» партиясының бес жылдық жоспары болған. Яғни 2025 жылға дейін жыл сайын он мың төсек орын жатақхана құрылысын енгізіп, 50 мың орындық жатақхана салу. 50 мың орын мәселені шешпейді. Себебі демографиялық жарылыс. 623 мың студентіміз бар. Болжамымыз бойынша 2026 жылға дейін 1 миллионға тақап қалады. 2030 жылға қарай 1 миллионнан асып кетуі мүмкін.
Бір жағынан қуанымыз керек. Қазақстан халқының саны өсіп жатыр. Екінші жағынан мектептерге, колледждерге, ЖОО-ға бұл демографиялық толқын үлкен қысым көрсетіп жатыр. Сондықтан мемлекет бұл мәселені толыққанды шеше алмайды. Біз жеке секторлармен, құрылыс компанияларымен, жеке инвесторлармен осы мәселені шешуіміз керек, – деді Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар министр жатақхана мәселесін шешудегі қаржы моделі туралы да айтып өтті. – Осыдан бірнеше жыл бұрын министрлік жанындағы қаржы орталығының негізінде жеке құрылыс компанияларға, инвесторларға жеңілдетілген алты жылдық арнайы қаржы моделі қарастырылған. Бірақ өкінішке орай соңғы екі жылда бұл қаржы моделі жеке инвесторларға тиімсіз болды.
Құрылыс материалдарының бағасы өсіп кетті. Еңбек құны да өсті. Жер мәселесі де бар. Сондықтан біз қазір Қаржы министрлігімен бірігіп, осы моделді жаңадан қарастырып жатырмыз, ол 6 жылдан 8 жылға созылады. Жалпы, мемлекет тарапынан берілген бастапқы жәрдемақы құны да өседі. Тамыздың соңында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен бірігіп, жиналыс өткіздік. «Алматы Инвестпен» бірігіп, Алматы нарығы үшін жеке компанияларды жаңа қаржы моделімен жұмыс істеуге шақырамыз, – деді министр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий