Жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық артуда

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің арасында маңызды меморандумға қол қойылды.  Қарағандыдан Алматыға ат терлетіп арнайы келген қонақтар қатарында оқу орнының Ректоры Нұрлан Дулатбеков пен биология-география факультетінің деканы Серікболат Алдоңғарұлы және тарих факультетінің деканы Жамбыл Әзмұқанұлы бар.

Әріптестерімізді Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира  Әмірханқызы ж2не жаратылыстану институты мен тарих кафедрасының бір топ оқытушы-профессорлар құрамы қарсы алды. Қонақтар Университетіміздің «Ақтұмар » мұражайын, сурет-көрме галереясымен, ондағы студент қыздарымыздың қолөнер бұйымдарымен танысты. Кездесу конференц залында жалғасып, университеттердің презентациялық таныстырылымы көрсетілді.

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бес бағыт бойынша мұғалімдер дайындайды. Қазіргі таңда 96-ға жуық білім  бағдарламасымен жұмыс жасаймыз.Соның ішінде негізгі бөлігі бакалавриат, магистратура, докторантура, колледж. Бірнеше мектептермен қарым-қатынас орнатқанбыз.Білім алып жатқан студенттер саны 8300-ге жетті. Профессор-оқытушы  құрамымыз да 600-ге жуықтады. Жеті жатақхана мен 3 оқу корпусымыз бар. «Аққу » бассейні,  «Дара» инклюзивті орталығымызға қаладан ДЦП, аутизм диагнозы бар балалар келеді. Солармен профессор-ғалымдарымыз жұмыс жасайды. Магистрант, докторанттарымыз  практикалық жұмыстарын сол жерден өтеді,– деді Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы университет жайлы қысқаша баяндауында.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің Ректоры Нұрлан Дулатбеков: – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен біздің университеттің алға ойған мақсаттары мен даму бағыты, ұстанымдары ұқсас болғандықтан, бүгін екі тарап арасында тығыз-қарым қатынас орнатуды мақсат тұтып отырмыз. Кездесуге  келгендегі басты мақсатымыз, біздің Қарқаралыда, Балқашта, Топар елді  мекендерінде университеттің өндірістік базалары бар. Сол жерде Қыздар педагогикалық университетінің студенттері өндірістік тәжірибеден өтсе, біздің қарағандылық білім алушыларымыз Алматы  қаласының  Талғар, Есік қалалары, Жетісу өңірлеріндегі тарихи өлкелермен танысса деген жоспарлармен келіп отырмыз, –  деп, кездесу мақсатын айрықша атап айтты.

Сонымен қатар, екі тарап арасында жоғары оқу орындарындағы қашықтықтан оқыту, жатақхана мәселесі, оқу үдерісінде кездесетін қиыншылықтар төңірегінде пікір алмасып, кеңестер айтылды. Кездесудің басты мақсаты – екі тарап арасында білім алушыларға қатысты академиялық ұтқырлықты, дуальді оқыту мәселелерін бірлесіп ұйымдастыруды жүзеге асыру.

Әсіресе жаратылыстану бағытында биология, география, химия және тарих кафедрасының студенттерін ғылыми- практикалық базаларда тәжірибе алмасуға шақыру. Тек студенттермен ғана емес, ғалымдар, педагог мамандар, білім алушыларды қатыстыра отырып, тең құқылық және өзара тиімділік негізінде ғылым мен білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту. Кездесу соңы екі университет арасындағы меморандумға  салтанатты түрде қол қою рәсімімен және естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетінің баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий