ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Павлодар педагогикалық университетіне барды

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Павлодар педагогикалық университетіне барды. Ол атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.
Бірінші аялдама Павлодар педагогикалық университетінің оқу корпусы болды. Ректор Жанбол Жилбаев вице-министрге жоо-ның зерттеу орталықтарының жаңа білім беру бағдарламаларын, ғылыми жетістіктері мен инновациялық әзірлемелерін ұсынды. Студенттік жатақханада Қуаныш Асылханұлы студенттермен әңгімелесіп, өмір сүру жағдайымен танысты. Сонымен қатар студенттік ұйымдардың белсенділерімен кездесті. Студенттер университеттің қоғамдық өмірі, өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді.
Оқу орнының оқытушыларымен кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер талқыланды. Вице-министр жоғары білім саласының проблемалары бойынша барлық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, жиын барысында Қуаныш Асылханұлы университет ұжымын биылғы 60 жылдық мерейтоймен құттықтады.
Өзінің жоо-ға сапарын қорытындылай келе, Қуаныш Ерғалиев Павлодар педагогикалық университеті білім беру саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі екенін ерекше атап өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий