ToU директорлар кеңесінің отырысы ұйымдастырылды
Директорлар кеңесінде Торайғыров университетінің одан әрі даму бағдарламасы талқыланды. Жұмыс кездесуі Директорлар кеңесінің басшысы, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің төрағалығымен өтті, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

Директорлар кеңесінің мүшелері ToU стратегиялық қызметіне байланысты бірнеше мәселелерді қарастырды. Содан кейін ToU профессор-оқытушылар құрамымен және университет жанында жұмыс істейтін жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ЖОО дамуы бойынша өз ойларымен бөлісті.
Директорлар кеңесінің өкілдері археологиялық мұражайға барды. Галереяның сақтаушысы және археолог Виктор Мерц бүгінде университет екі грант есебінен қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол бірнеше айдан бері облыстық Оқушылар сарайында жұмыс істеп келе жатқан балаларға арналған археологиялық мектеп жобасы туралы айтып берді.
Коворкингте вице-министр ToU базасында іске асырылып жатқан ғылыми жобамен танысты. Сонымен қатар, студенттер үйінің тұрғындарымен сөйлесіп, өмір сүру жағдайлары туралы білді.