Бөрлі ауданының оқушылары жеңімпаз атанды

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы «Балалар жылы» аясында “AQJAYIQ» телеарнасымен бірлескен түрде «БІЛІМ – HIGH» телевизиялық жобасының финалдық ойынын ұйымдастырды. Жобаның мақсаты — оқушылардың зияткерлік дамуы мен тұлғалық қалыптасуына бағыттау, коммуникативтік және зерттеу құзыреттілігін дамыту, оқу қызметіне деген ынтасын арттыру болып табылады.

Финалда Бөрлі ауданының оқушылары бақ сынады. Қорытынды бойынша үздік нәтиже көрсетіп, жоғары ұпай жинады. Барлығы 16 команда қатысқан ойында оқушыларымыз топ жарып, жүлделі I орынды иеленді. Айта кетейік, құралған топ — Ақсай қаласының №1, 5, 7 ЖОББ мектеп оқушылары Байсалов Байсал, Панагужиев Алидар, Айсагулов Нурсултан, Серикова Гульдана. Жетекшілері — Г.А.Наршиева, А.А.Дарисова, О.А.Кажкенов, С.К.Альдикенова.

Анаргүл КУШЕРБАЕВА,
Бөрлі аудандық білім беру
бөлімінің баспасөз хатшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий