“Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!”: Туған ауылымдағы мектепке тарту
Қ.Дамитов атындағы орта мектеп туған ауылымда тұңғыш қазақ мектебі болып 1993 жылы ашылды. Мектепке Қазақстандағы алғашқы философия ғылымдары кандидатының бірі, Қазақ КСР және КСРО халық ағарту ісінің үздігі Қабдөш Дамитовтің аты берілді.
Алғашқыда мектепке 189 оқушы қабылданып, 18 мұғалім қызмет жасаса, қазіргі уақытта 59 мұғалім қызмет етіп, 371 оқушы білім алуда. Мектеп оқушылары – аудандық және облыстық олимпиадалар мен интеллектуалды конкурстардың белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Сондай-ақ мектепте спортпен шұғылданатын балалар көп: бокс, еркін күрес, шаңғы жарысы.
Ауыл балалары ерте жастан физикалық еңбекке дағдыланатыны белгілі. Сондықтан, бұл мектепте «Тимур қозғалысы» соншалықты дамығаны таңғаларлық емес: балалар жалғызбасты қарт кісілерге картоп егуге немесе қазуға, ауладағы қар немесе күзгі жапырақтарды тазалауға көмектеседі.
Біздің ауылда мұғалімдерге үлкен құрметпен қарайды және мектеп – білімді, шығармашыл және жан-жақты мұғалімдерді тарту орталығы. Мектеп базасында әртүрлі әдістемелік семинарлар жиі ұйымдастырылады, онда мұғалімдер басқа білім ордаларындағы әріптестерімен тәжірибе алмасады. Сонымен қатар педагогтер үнемі облыстық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысып, аяулы мектебіне жүлделі орындармен оралады.
Мен баға жетпес еңбегі үшін Қ.Дамитов атындағы ауыл мектебінің мұғалімдеріне алғысымды білдіре отырып, «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетіне жылдық жазылымды тарту етемін.
Жанбота Жетілбекқызы КАБДЫКАРИМОВА,
“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының директоры