Ақтауда жыл соңына дейін 500 орындық студенттік жатақхана пайдалануға беріледі

Ақтауда жыл соңына дейін 500 орындық студенттік жатақхана пайдалануға беріледі. Маңғыстау облысының орталығындағы 17 шағын ауданда Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен 2021 жылдың қыркүйек айында студенттерге арналған 500 орындық жатақхананың құрылысы басталған болатын, – деп хабарлайды осы шаһардағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.
Ғимарат 5 қабатты 3 блоктан тұрады, жалпы ауданы — 10 723 м2. Жатақхана жобасының құрамында 2 және 3 орындық бөлмелер, медициналық пункт, буфет, оқу бөлмесі, жиналыс залы, киім жуу бөлмесі қарастырылған. Нысан құрылысы NCOC мекемесінің демеушілігімен жүргізілуде.
Қазіргі таңда, нысанда ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік желілер жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. – Бүгінгі таңда жоба 80% – ға дайын. Жатақхананы пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына жоспарланып отыр. Мердігер мекеме — «Темір Строй Сервис и Ко» ЖШС,- дейді қалалық құрылыс бөлімімнің басшылығы..

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий