Кешегіміз кенен, бүгінгіміз кемел болғай “Жаңа Қазақстан”

Қайта құрудың өзі де көбіне-көп түрліше талқыланады. Біреулер бұл кезеңнен кезекті жеңіл- желпі, оп-оңай өтуге болатынын айтады. Енді біреулер қайта құрудың жолы – өткенді жоққа жарамсыз ету екендігін жариялайды. Үшіншілер өзін де, басқаларды да қажетті кезеңдерден қарғып өте аламыз деген елеспен алдаңдатып, қызыл сөздің жетегінде кетеді.

Бұл сұрақтар неге туады? Мұның себептері көп. Біреу болып жатқан өзгерістердің мәнін әлі анық түсінбеген. Енді біреу қалыптасқан жағдайдың күрделілігін толық ұғына бермейді, яғни сенімсіздікте. Біреу өзінің жан самарқаулығы мен тыныштығынан айырылғысы келмейді, өзінің де, өзгелердің күшіне сене қоймайды, өзінің іс -қимылы үшін жауапкершілік жүгін көтеру дағдысы жоқ – «сен тимесең – тимеймін».

Біреулер қайта құрудың өзгерту ауқымынан шошып та үлгерді. Бұрынғы керітартпа әдеттердің салмағын, осы қысқа кезеңде шоғырланған жаңа көзқарастардың күрделілігін, әдеттен тыс екенін ескерсек, түсінуге болады. Қайта құруды өткен көнеден де, жаңа дәнді қауызынан айырып ала білу қажеттігі де бүгін айқын. Осының бәрі – қалыпты табиғи нәрселер.

Өміріміздің барлық мәселелері бойынша қоғамда болып жатқан пікірталастар заңды. Ол жүріп жатыр, алдағы уақытта да дами береді. Оның қоғамдық дамуға игі ықпалы барған сайын айқын көрініп отыр. Жаңа көзқарас, жаңалықтың дүниеге келуі қашан да оған деген көзқарасты және осы жаңалық жөніндегі пікірлерді шиеленістіреді, ол да заңдылық.

Бүгінгі жағдайда нағыз пікірталастың, шын көзқарастар жөніндегі шынайы алаңдатушылықтың, ең жақсы жауаптар мен шешімдерді іздестірудің қалай қайда жүріп жатқанын дәл ажырата білу керек. Қайта құруға керітартпа қарсылық – өткеннен қалған ой мен іс-қимыл әдетінің, дағдысының салмағынан арылу. Бөтеннің есебінен өмір сүріп әдеттенгендердің және бұл әдеттен арылғысы келмейтіндердің өзімшіл мүдделерінен арылу.

Қайта құру әлдебір нәрсені “жоқтап” қана қоймайды, ол сонымен бірге әлдебір нәрсеге қарсы шығады да. Ол біздің жақсырақ, кіршіксіз, мазмұндырақ өмір сүруімізге, тезірек ілгері басуымызға, жаңа жолда болмай қоймайтын қателіктер мен ағаттықтарға неғұрлым азырақ құн төлеуімізге бөгет жасайтын нәрселердің бәріне қарсы.Сондықтан қазіргі жағдайда нағыз пікірталастың, шын көзқарас (проблемалар) жөніндегі шынайы алаңдатушылықтың, ең жақсы жауаптар мен шешімдерді іздестірудің қайда қалай жүріп жатқанын дәл ажырату керек.

Тарихымыздың жанға бататын мәселелерін атаусыз қалдыру- шындықты елемеу, заңсыздық пен озбырлықтың жазықсыз құрбаны болған есімін құрметтеу, баға беру. Шындық біреу. Толық айқындық, дәлдік пен дәйектілік, болашаққа адамгершілік бағдар керектігі, осы арқылы әділдікке бас ию, мұның да пердесі ашылғандай. Жастарға сенім арту. Жастардың сана-сезіміндегі қазіргі “қиғаштықтар” – бүгін туған дерттің нышандары емес. Оның түп-тамыры өткенде жатыр.

Ол – біз жастарды көп жылдар бойы ұстап келген “диета”-ның, мінбеден айтылған сөз бен күнделікті өмірде болып жатқан нәрселердің арасындағы сәйкессіздіктің салдары. Бүгінгі таңда эфир ашық, тыйым салынған тақырып жоқ сияқты. Дау, пікірталас, айтыс, әрине, керек. Олар бізді алда да күтіп тұр. Алда өткеннің «миналары» -жарылғыш заттарындай көмілген үйінділер де көп.

Оларды бәріміз бір кісідей жұмылып тазартуымыз керек. Бізге қайта құруды ілгері бастыруға көмектесетін, қайта құру төңірегіне топтастыруға жеткізетін таластар керек. Тек бір-бірімізді күйелемейік, күйеден арылу қиын, тектіліктен аспайық. Жанға бататын мәселелерді атаусыз қалдыру, шындықты елемеу, заңсыздық пен озбырлықты болдырмау. Шындық біреу: толық айқындық, дәлдік пен дәйектілік, болашаққа адамгершілік бағдар беру.

Ашынба қызбалыққа салынып, дау үстінде кейде саяси мәдениет  бір-бірін тыңдай білу, қоғамдық пікір-таласта (процестерге) ғылыми талдау жасай білу жетіспейтінін, тіпті жай ғана білім, дәлел жетпей жататынын жариялылық көрсетіп берді. Сайып келгенде, ой мен іс-қимыл, ескі нәрседен арылу, біз ойлағандай, «Жаңа Қазақстанға» ену әлі жалтақтық тудыруда. 

Бірақ бүгінгі таңда бәрімізді біріктіріп отырған басты мәселе – кері оралуға болмайтындығын түсіну қажеттілігі. Не десек те, қоғамды сапалық жағынан жаңартуға, бағытты өзгертіп, қайта құруға бағытталған жаңа кезең басталды. Ой мен іс-қимыл, қоғамдық сана мен практикалық жұмыстың сипатын айқындай отырып, өмірге барған сайын тереңірек енуді, нағыз шындық туралы ашық, бүкпесіз, цифрлар мен фактілерді келтіре отырып айтуды үйрендік.

Еңсемізді көтеріп, бойымызды тіктедік, фактілерге тайсалмай, адал қарап, толғағы жеткен нәрселер туралы бүкпесіз, естіртіп айтатын болдық, қаншама жылдар бойы қордаланып қалған проблемаларды шешудің тәсілдерін бірлесіп іздестіріп талқылаудамыз. Осы бетбұрыс жасалмаса, нақты өзгерістерге бетбұрыс болуы мүмкін емес еді. Жарық мол болсын. Инициатива мол болсын. Жауапкершілік мол болсын, тек қайта құрудың терең сипатын, жаңаша саяси ойлау жүйесін тезірек меңгерейік.

Біз “Жаңа Қазақстанды – тұжырымдамасы ең адамгершіл, ең әділетті қоғам орната аламыз және солай етуге міндеттіміз. Жариялық көбірек болсын, соның бұлжытпай орындалуының берік ұстанымына сүйенейік, ортақ ісімізге сәттілік тілейік. Жеткен жетістігіміздің бірі – ой мен сөз бостандығынсыз, пікірлердің ашық та кең қақтығысынсыз, біздің өмірге сын тұрғысынан көз жіберусіз – “Жаңа Қазақстан” құру мүмкін емес еді. 

Өткеніміз – бүгінгі күн үшін, қайта құру міндеттерін шешу үшін өмірлік қажеттілік. Егер біз бүгінгі таңда өз тарихымызға сын көзбен зер салып отырсақ, мұның себебі болашаққа жеткізетін жолды жақсырақ, толығырақ елестеткіміз келетіндіктен ғана.

Берікжан Айтқұлұлы ӘЛМҰХАМБЕТОВ,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Абай атындағы ҚазҰПУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий