Шымкент қаласындағы мектептердің өзін – өзі басқару ұйымдарында атқарылатын биылғы жұмыстардың басым бағыттары белгіленді

Шымкент қаласындағы мектептердің өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп парламентінің» жаңа оқу жылындағы атқаратын жұмыстарын айқындау мақсатында жиналыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды еліміздің үшінші мегаполисіндегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Жиналысқа білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы арнайы қатысып, Парламент көшбасшыларына өзін-өзі басқару ұйымы – өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделетінін айтты.

Осыған орай жоспарлы түрлі іс-шараларда белсенділік танытытып, қабілеттерін жетілдіруге шақырды. Жиналыста қосымша білім беру оқу салалық орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы Ахметбекова Гүлнар Сатыбалдиевна Мектеп парламентінің аудандық координаторларын тағайындап, жалпы жұмыс барысы туралы айтты. Мектеп парламенті жобасына жауапты әдіскер Абдраманова Гаухар Жүсіпқызы парламенттің өткен оқу жылындағы атқарған жұмыстарын, жетістіктерін айтып өтіп, жаңа оқу жылының жоспарымен таныстырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий