Атырау облысы: “Педагогикалық идеялар фестивалі” байқауының аймақтық кезеңі

Атырау облысындағы әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өтіп жатқан республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының аймақтық кезеңі жалғасып жатыр. Кезекті сайыс “Шеберлік палитрасы” бағытында өрбіді, – деп хабарлайды осы өңірдегі білім басқармасының баспасөз қызметі.
Онда қоғамдық-гуманитарлық пәндер педагогтері өз идеяларымен бөлісіп, бақ сынады. Конкурсқа облыстың жалпы саны 15 педагогі қатысты. Нәтижесінде, Индер ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайырбек Кенжәлиев бірінші орын алып, облыс намысын республикалық кезеңде қорғауға жолдама алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий