ҚР Ғылым және жоғары білім министрі ғылымның елімізді дамытуға қосатын үлесін арттыру мақсатын ашып айтты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысындағы баяндамасында ғылымның елімізді дамытуға қосатын үлесін арттыру мақсатында ғылымды, өндірісті және бизнесті интеграциялау бойынша жұмыстар басталғанын хабарлады.
– Мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпкерлік сектордың ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстарының үлесін шығындардың жалпы көлемінен 50% – ға дейін және коммерцияландырылған жобалардың үлесін 30% – ға дейін арттыру, ҒЗЖ шеңберінде патенттік белсенділіктің 30% – ға өсуін қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінгі таңда «Ғылым қоры» АҚ желісі бойынша барлығы 129 жоба коммерцияландырылуда. 2022 жылы ҒҒТҚН коммерцияландыру бойынша жаңа конкурс жарияланды. 2021 жылы коммерцияландырылған жобалардың үлесі 26,2% – ды құрады, – деді осы бейіндік ведомстваның жетекшісі өз сөзінде.
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий