Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.

Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тіл білімінің ғылым білім ретінде қалыптасып дамуы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты. Осы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы  6697 әскери бөлімінің қатысуымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты іс-шара ұйымдастырылды. 

Іс-шара барысында мемлекеттік әнұран шырқалып,  қазақ тілінің тарихын баяндайтын бейнебаян көрсетіліп, тілге арналған өлең-жырлар оқылды. Мерекенің құрметіне № 20 мектептің оқушысы Аралбаев Ердәулет ән-күймен іс-шараның шырайын келтірді. Сонымен қатар «Кім жылдам» сұрақ-жауап сайысы ойнатылды. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты кітап көрме  ұсынылып, оқырмандар тұшымды пікір айтып, ой бөлісті.

Қанипа Сакенқызы ТАСБУЛАТОВА,
Шынар Батырқызы МАКАНОВА,
Қостанай қалалық мәдениет, тілдерді
дамыту,  дене шынықтыру және
спорт бөлімінің орталықтандырылған
кітапхана жүйесіне қарасты Н. Островский
атындағы ОҚК кітапханашылары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий