Саясат Нұрбек еліміздегі ЮНЕСКО өкілімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЮНЕСКО Кластерлік бюросы директорының міндетін атқарушы Магнус Магнуссонмен кездесті. Кездесу барысында министрлік пен ЮНЕСКО арасындағы тығыз ынтымақтастық мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі.
Тараптар 17-19 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде өтетін Білім беруді қайта құру жөніндегі саммитті (TES) талқылады. Сондай-ақ, 6-7 қазанда ЮНЕСКО Алматы қаласында Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша Орталық Азия симпозиумын (CASIE) ұйымдастырады. ​Министр Саясат Нұрбек ЮНЕСКО өкіліне жұмыс сапарымен келгеніне ризашылығын білдіріп, ұйыммен өзара қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.
– ЮНЕСКО білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ арнаулы мекемесі және осы салаларда халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілік орнатуға ұмтылады. Ұйымның бағдарламалары тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Министрлік ЮНЕСКО ұсынатын жоғары білім мен ғылым саласындағы жобаларды қарастыруға дайын, – деді Саясат Нұрбек.
​Өз кезегінде Алматы кеңсесі директорының м.а. Магнус Магнуссон ҚР Ғылым және жоғары министрлігімен ғылым, технологиялар және инновациялар, атап айтқанда, ашық ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты. Ол министрлік өкілдерін биылғы қараша айына жоспарланған Open Science ұсынымдары бойынша кеңеске қатысуға шақырды. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты арттыруға және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендерін білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий