Алматыда профессор, академик Мейірбек Молдабековтың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция ұйымдастырылды

Алматыда профессор, академик Мейірбек Молдабековтың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында механика, робототехника, сондай-ақ ғарыш техникасы мен технологиясы саласындағы сарапшылар бас қосты. Рим Тор-Вергата университетінің шақырылған профессоры Марко Чекарелли, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы ғылым және технологиялар жөніндегі консулы Чжан Вэй, Механика және машинатану институтының бас директоры Төлешов Амандық, «ҰҒЗТО» АҚ президенті Нұрғожин Марат пленарлық баяндама жасады, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Конференция аясында академик Молдабеков Мейірбек Молдабекұлының ғылыми еңбектері көрмесі, академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты мен Ғарыштық техника және технологиясы институтының отандық ғалымдарының озық әзірлемелерімен ғылыми жетістіктер көрмесі өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий