Келестік мұғалім химияны оқытудағы ерекше тәжірибесімен бөлісті

N39 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Кушаева Гульнар пәнді оқытудағы озат тәжірибесімен бөлісті, – деп хабарлайды Түркістан облысының Келес ауданындағы адами әлеуетті дамыту бөлімінің баспасөз қызметі.

– Химия пәні мұғалімдердің пәндік құзіреттілігін дамыту 7-9-сыныптардың қиын тақырыптары» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курс барысында мектеп тренері өзінің біліктілігімен, шеберлігімен көзге түскен. Білікті мұғалім курста әріптестеріне 9-сыныптарға арналған «Электролиттік диссоциация» тарауы бойынша өз тәжірибесінде қолданып жүрген түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып ерекше сабақ өтті. 

– Кез-келген пәнді оқытуда алдымен оқушылар арасында да бір-біріне деген сенім орнату қажет. Сондықтан ең алдымен пән мұғалімдеріне «Күн шуағын шашады» әдісі арқылы катиондар мен аниондар биін билете отырып сыныпта жағымды ахуал қалыптастырдым. Білім алушылрадың сыни, креативті ойлау дағдыларын қалыптастыруға, проблемалық сұрақтардың шешу жолдарын ұсынуға және оны дәлелдеуге мүмкіндік беретін «ПОПС», «Т-тable», «Ассоциация» және «Салыстыру кестесі», «Мұнара құру» әдістерін химия сабақтарында сәтті қолданып, әріптестеріме өз тәжірибелерінде қолдануға ұсындым.

Сонымен қатар қиын тақырыптардағы есептердің тиімді шығару жолдарымен бөлістім,-дейді мектеп мұғалімі. Айта кету керек, Гульнар Кушаеваның біліктілігіне ата-аналар да дән риза. Білікті педагогтың шәкірттері де болашақта өздерін химия пәнімен байланыстырғысы келеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий