Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры

Қыркүйектің 5-і – Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күні. 2017 жылы Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілгені белгілі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс екенін атап өтіп, Ахмет Байтұрсынұлының сөзін мысалға келтірген еді. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: “Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек, – деген. Бұл көзқарас бүгінгі күні өзінің өзектілігін жойған емес.

Біріншіден, жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе, ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет.

Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз. Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру. Сондай-ақ, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек, – делінген Мемлекет басшысының Жолдауында.

Осыдан бес жыл бұрын «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» үкіметтің қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады деп бекітілді. Осы орайда біздің жоғары оқу орнындағы казақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент К.Калыбекова және кафедедра оқытушылары ф.ғ.к., доцент А.Аширбекова, ф.ғ.м., оқытушы Т.Абдыкадыровалардың бастамасымен жуырда «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» тақырыбында факультетаралық байқау ұйымдастырылды.

Байқау барысында әр факультеттен қатысқан студенттер қазақ ақындарының шығармашылығынан жыр мәйегін шашып, күмбірлете күй шертіп, сазды әннен шашу шашты. Сонымен қатар, қазақ тілінің әлемдегі салмағын саралап, қызықты мәліметтермен бөлісті. Бұл іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, Лог-20-2, ОП-20-2, Лог-20с, ПСК-20-2 және тағы басқа топтардың студенттері қатысты.

«Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» тақырыбындағы шара көп ұлттың өкілдері тұратын Қазақ жеріндегі мемлекеттік тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу және дамыту мақсатында өткізілген және діттеген мақсатына жеткен мерекелік іс-шара болып табылады.

К. КАЛЫБЕКОВА,
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды
техникалық университетінің жол-көлік
факультетіндегі қазақ тілі және
мәдениеті кафедрасының меңгерушісі
ф.ғ.к., доцент,
А. АШИРБЕКОВА,
ф.ғ.к., доцент

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий