Қостанай облысы: Көптен күткен қуаныш

Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығына орай аудан орталығында  мемлекеттік тілде тәлім беретін білім ошағы ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында заманауи мектеп құрылыстарына екпін қойып, назар аударған болатын, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңа оқу жылында оқушылар екі қабатты еңселі ғимараттың табалдырығын аттады. Салтанатты рәсімде облыс əкімі Архимед Мұхамбетов «Балалар жылында облысымызда сапалы білім беру ортасын құру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қарабалық ауылының жас тұрғындарына осы елді мекеннің тумасы, белгілі қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын 320 орындық жаңа мектеп өз есіктерін ашып отыр», – деп, мектеп ұжымына сәттілік тілеп, мектеп директоры Асқар Бисеновқа білім алушыларды күнделікті тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жаңа автобустың кілтін табыстады. 

Құттықтау сөз сөйлеген Мұхамеджан Сералиннің немересі Нелли Абушахманқызы ағартушының еліне сіңірген еңбегін ұмытпай, әрқашанда құрметпен қарап, бағалағандары үшін жерлестеріне шексіз алғысын  білдіре отырып, ұстаздарға шығармашылық табыс, шәкірттерге  биік шыңдардан көріне берулеріне тілектестік білдірді.

Салтанатты іс-шарадан кейін облыс, аудан басшылары алтын ұяның ішін аралап көрді. Жарық, жылы сыныптар, іс-шаралар өтетін заманауи акт залы, кең спорт залы, кітапхана, асхана, ауладағы спорт алаңы және тағы да басқа мектептің материалды-техникалық базасы көз қуантарлық.

Аудан оқушылары жаңа мектеп табалдырығын аттар күнді ерекше күткендерін, сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалғандығын айтса, мектеп мұғалімдері заманауи талаптарға сай мекемеде жұмыс жасап жатқандарына ерекше қуанатынын хабарлады. Жиылған қауым да жаңа мектепке сүйсініп, атқарылған жұмыс нәтижесіне ризашылықтарын білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий