Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде оқу зертханасы ашылды

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Кибер спорт және білім саласын геймификациялау» оқу зертханасы ашылды. Оған Халықаралық «Astana hub» ІТ-стартап технопаркі, «American Corner» мәдени орталығы, «Tech Central Asia» акселерациялық стартап бағдарламасы қолдау көрсетті, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Зертхананы ашудағы мақсат – ІТ мамандардың дамуына заманға сай қолайлы орта қалыптастыру. – Біздің университет заманауи ІТ технологиялар мен оқыту әдістемелері бойынша алдыңғы қатарда. Университеттің материалды техникалық базасы, әдістемелік оқыту материалдары әрдайым жаңартылып тұрады. Біз Huawei, Oracle, Компания 1С сынды халықаралық компаниялармен серіктес ретінде жұмыс жасаймыз, – деді университеттің ректоры Сәуле Рахметуллина.
Жаңа орталық базасында студенттердің көмегімен жүзеге асырылатын жобалар әзірленген. Олардың ішінде: өнеркәсіптік жабдықты модельдеу; Т-72 танкі моторын іске қосу бойынша виртуалды тренажер; шахталарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын оқыту; студенттер мен талапкерлерге арналған ШҚТУ телеграм-боты; Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша; Туризмге арналған қосымша және Абайтану бойынша 3D-турлары бар. Жаңа орталықтың ашылуында әлемдік компаниялардың өкілдері тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерге шеберлік сабақтарын өткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий