Шымкент қаласында пікірсайыс кабинеті ашылды

“Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы” жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру, Өңірлік мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысы(колледждер) лигасын қолдау, насихаттау, жас пікірсайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №137 жалпы орта білім беретін мектебінде дебат кабинеті ашылды, – осы шаһардағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Арнаулы кабинеттің ашылу салтанатына “Жастар ресурстық орталығының”Абай ауданы бойынша жастармен жұмыс жүргізу бөлімі басшысы Ертаев Көмек Ережепұлы, білім басқармасының қосымша білім беру оқу салалық орталығы директорының у.м.а Ахметбекова Гулнар Сатыбалдықызы, орталықтың бөлім басшысы Сүлейменова Гүлмайра Әлімханқызы, мектеп ата – аналар комитетінің төрағасы Тілешов Бегалы Құралбекұлы, қамқоршылық кеңестің төрайымы Ерназарова Ботагөз Сайфуллинқызы қатысты.
Бүгінгі таңда аталмыш мектепте жұмыс жүргізіп отырған “Ақиқат ұшқыны” дебат клубы мүшелері “БП әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп д.е.”қарары тақырыбында көрсетілім ойынын көрсетті. Өткен оқу жылында пікірсайыс клубы үздіктері аудан, қала деңгейінде жоғары көрсеткіштерге жеткен болатын. 300-ге жуық пікірсайысшылары бар клубтың арнайы кабинетпен жабдықталуы жас өрендердің дебат ойынына деген ұмтылысын арттырды.
Жиын соңында мектеп ата – аналар комитетінің төрағасы Тілешов Бегалы Құралбекұлы дебат ойыны- тіл жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы екендігін айта келе, жас пікірсайысшыларға сәттілік тіледі. “Ана тілің -арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – деп дебат сүйер қауымға арнау оқыды.Алдағы уақытта мектеп өрендері пікірсайыс әлемінде биік шыңдарды бағындырады деген сенімдеміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий