“Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!”: Жемісті жетістіктерім майталман мұғалімдердің еңбегімен байланысты

– Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан интернационалист жауынгер Бауыржан Бегалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептен ұшып шыққан түлек ретінде ұстаздарымның еңбектеріне қысқаша тоқталып өтер болсам, ауыл мектебі болса да, жаратылыстану-математика циклі бойынша білімді де, білікті мамандарды тәрбиелеген алтын ұямыз ретінде мақтан тұтамын, – дейді Өрлеу – Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институт директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Сәуле Талапеденқызы Мұхамбетжанова.

Ұлы ғалым  Ломоносов «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек», – деген екен. Шәкірттерінің қиын да, қызықты математика пәніне деген қызығушылығын ояту – ұстаздардың міндеті. Міне, осындай білікті де білімді ұстаздардың алғы шебінде қазіргі Бауыржан Мажитұлы (бұрынғы Каспий орталау мектебі) атындағы жалпы білім беретін мектеп табалдырығында менің математикаға деген қабілетімді танып, пәнге деген қызығушылығымды оята білген Хамеденова Мулкарат, Шамарданова Меңсұлу, Ұлмекен, Гүлбағила, Жаннат  және тағы да басқа ардақты ұстаздарыма айтар алғысым шексіз.

Менің қазіргі жеткен жетістігім аталған ұстаздарымның кәсіби шеберлігінің негізі деп білемін. Ұстаздарымның ұшан-теңіз еңбегін бағалай отырып, осы тарихы тереңнен тамыр тартқан тағылымға толы алтын ұя білім шаңырағының жүздеген түлектерінің бірі ретінде алдағы қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін кәсіби мереке мұғалімдер күніне орай «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің бір жылдық жазылымын осы бірегей басылымның «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» әлеуметтік жобасы аясында рухани сыйлығымды тарту еткім келеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий