Тайландтық педагогтар NIS тәжірибесімен танысты

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне  Тайланд елінің астанасы Бангкок қаласындағы жетекші мектебінің өкілдері  іс-сапармен келді. Таиландтық делегациясының басты мақсаты –    халықаралық білім беру кеңістігінде танылған NIS Program-ның ерекшеліктерімен танысу және Бангкок мектебі мен Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы НЗМ арасында серіктестік қарым-қатынасты құру, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Әкімшілікпен кездесу барысында мектеп директоры Гүлмира Мункеева   қазақстандық және әлемдік орта білім беру жүйелерінің үздік дәстүрлерін үйлестіретін  инновациялық моделі ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің маңызын атап өтті. – Мектептің инновациялық моделін құру құндылықтарды күшейтуді, мектептегі білім беру құрылымы мен мазмұнын өзгертуді, оқытудың белсенді әдістерін, оқу жетістіктерін бағалау қағидаттарын, өзара қарым – қатынас жүйесін пайдалануды көздейді, – деп айтып кетті  Гүлмира Бақытбекқызы.

Қонақтар үшін мектеп бойынша таныстыру туры ұйымдастырылды. “DreamTeam “көпсалалы клубының оқушылары  «Нұр сазы» халық аспаптар оркестрі, вокалдық топ және би ансамблінің қатысуымен концерттік бағдарламаны тарту етті. Қонақтарды оркестрдің орындауындағы Құрманғазының “Балбырауын” күйі және 7 «D» сынып оқушысы Амантай Ұластың домбыраның сүйемелдеуімен шырқаған “Ақ сиса” әні ерекше әсер қалдырды:

– Зияткерлік мектепте оқу үрдісі мен ұлттық рухани құндылықтардың дәріптеуінің үйлесімдігін айта кету керек. Бұл NIS-тің басты ерекшеліктері деп қабылдауға болады,– деп бөлісті тайландық мұғалімдер. Тайланд педагогтары  оқушылардың ағылшын тілін еркін меңгергендерін, сабақ құрылымын құру ерекшеліктерін және педагогтардың жоғары кәсіби деңгейін атап өтті.

– Біз NIS-ке жылы қабылдағаны үшін алғыс айтамыз. Мектепте оқушылардың жеке тұлғасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар мен жағымды атмосфера орнатылғаны бірден байқалады. Біз алматылық Зияткерлік мектеппен ынтымақтастық пен серіктестік құруға  үміт білдіреміз, – деді Тайланд   мектебінің директоры Варриорс  ханым. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий