“Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!”: Мұғілімдер мәңгілік мақтаныштарымыз

Қызылорда облысының киелі Қармақшы ауданына қарасты күріш шаруашылығына маманданған Ақжар ауылындағы №28 орта мектеп – 90 жылға таяу тарихы бар іргелі білім ордасы. Алтын ұя мектебімізді бітірген түлектердің  тәуелсіз еліміздің ілгері дамуына лайықты үлес қосқандығы – тарихи ақиқат.

Мәртебесі биік мерейлі мектептің тағылымға толы терең тарихындағы білімді, білікті, ұлағатты ұстаздарымыз – біздің мәңгілік мақтаныштарымыз. Жаңаберген Сәденов, Әнапия Құлпайыстанов, Әлихан Әбдіров, Нағашыбай Махамбетов, ШәҺизада Шоқбаров, Айдарбек Әбдіраманов, Сәден Нұртаев, Жұпар Аяпова, Зинали Қанбаев, Сараш Ақшолақова, Нұрлыбек Бұхарбаев, Қуанышгүл Әбіштаева, Рая Жөнейтова, Бихан Дүйсенова, Үміткүл Нұрғалиева және тағы да басқа танымал ұстаздардың есімдерін олардан білім алған шәкірттердің бәрі де құрметпен еске алып, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажырлы қызметтерін ешқашан ұмытпайды.  

Отандық білім мен ғылым саласындағы барлық жаңалықтардың жаршысы болған «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің бір жылдық жазылымын осы апталық басылымның “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!” әлеуметтік жобасын қолдау ретінде өзім білім алған алтын ұя мектебіме (директоры Оспанов Амантұр Жұмабайұлы) алдағы Ұстаздар күні қарсаңында тарту етемін.

Ағима Әбілқызы МАХАНБЕТОВА,
“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің
басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері
біліктілігін арттыратын Республикалық институты
“Менеджмент және инклюзивті білім беру”
кафедрасының аға оқытушысы, педагогика
ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий