Жеңімпаздарға автокөлік табысталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамысымен үш жыл бұрын жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Шымкент жастар лигасы» басталған болатын. Биылғы шараға алты мыңға жуық спортшы, яғни 138 мектептен 514 команда қатысып, футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан бақ сынады, – деп хабарлайды осы үшінші мегаполистегі білім басқармасының баспасөз қызметі.

Кезекті маусымның ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, жүлде демеушісі “Энергоорталық-3” АҚ бизнес-серіктесі Ш. Нуртаева мен корпорация менеджері Ш.Нысамбекова, сондай-ақ қоғам белсенділері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Бұл басқосудың барысында алдыңғы маусымның жүлдегер мектептері марапатталып, жеңімпаз 4 командаға су жаңа автокөліктің кілттері табысталды.

Былтырғы додада шахмат бойынша төрт ауданнан 130 команда, 520 оқушы қатысып, Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі; баскетболдан 122 команда, жалпы 1464 оқушы бақ сынасып, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп – гимназиясы; волейболдан 129 команда арасында Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі; футболдан 133 құрама команда ішінде Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы жүлделі бірінші орындарды иеленген болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий