Әліппе сабағында ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушымен жасалатын жұмыс түрлері – әр оқушының өзіне деген сенімін арттырудың бірден бір жолы

Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы Заңды қабылдады. Осы заң аясында балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.

Халықаралық тәжірибелерді жан жақты қарастыра отырып,оларды толық зерттеп, еліміздің даму стратегиясын, экономикасын, білім беру жүйесін, әлеуметтік саясатын, қоғам қажеттілігін, тіпті еліміздің менталитетін ескере отырып, тәжірибелерді осы ескерулерге сай өзгертулер мен толықтырулар енгіп жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар жалпы білім беретін мектеп бағдарламасын барынша терең меңгеру үшін ақпараттарды берудің тәсілдерін өзгертуді қажет етеді.

Инклюзивті оқушысы бар сыныпта сабақты жоспарлау кезінде жалпы білім беру міндеттер мен бірге түзете-дамыту міндеттері де қойылады. Ақпаратты берудегі жолдарын өзгерту әр оқушының жеке оқыту жоспарына да еңгізілген. Бұл өзгерістер   әр оқушының жеке бас ерекшелігін ескере отырып қолданылуы тиіс. Мектебіміздегі тәжірибелі ұстаздар соңғы үш жыл көлемінде өзара тәжірибе алмаса отырып мүмкіндігі шектеулі оқушыларға сауат ашу, математика пәндерінен тапсырмалар жинағын құрастырды.

Биылғы оқу жылында екінші сыныптарға арналған тапсырмалар жинағын құрастыру жұмыстары жалғасуда. Әліппе пәнінен ұсынылып отырған тапсырмалар ерекше қабілетті жағдайдағы оқушылардың денсаулығын, психо-физиологиялық дамуын ескере отырып құрастырылған. Мұндай тапсырмалар оқушының оқу үлгерімін бақылап отыруға көмегін тигізеді. Сонымен қатар әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне және әліппе сабағынан  жетістіктерін бағалап отыруына мүмкіндік береді.

Оқушылар үйренеді: А) алған білімдерін өз бетімен қолдана алады; Ә) үлгі бойынша тапсырмаларды орындайды; Б) білімдерін тереңдетеді, сөздік қорлары дамиды, ой-өрістері кеңейеді; В) кез келген жағдайда қолдана алады;  Г) мазмұны бойынша өз ойларын білдіре алады. Мұғалімге  педагог – ассистент  көмектеседі. Ауызша тапсырмалар мынадай алгоритммен іске асады: мұғалім тапсырманы оқиды әрі қарай жетелеуші мұғалім көмектеседі. Әр тапсырманы мұғалімнен соң жетелеуші педагог қайталайды. Әр сабақта түзету әдістері: әңгіме, кеңес, қайталау жұмыстары жүргізіліп отырады.

Оқушылардың қолдары әлсіз болғандықтан жетелеуші мұғалім көмектесе отырып бірге жазады. Ерекше қабілетті жағдайдағы оқушылар өздеріне ерекше қарым-қатынас пен қолдауды ғана емес сонымен бірге қабілеттерін де дамытуды қажет етеді. Әр пән бойынша барлық тапсырмалар әр оқушыға мұғалім мен жетелеуші мұғалім қалауы бойынша таңдап алынады. Бағалау кезінде әр оқушының физиологиялық ерекшелігін ескере отырып, орындалған тапсырмалардың санына байланысты тиесілі бағасы қойылады.

Беріліп отырған дидактикалық материал: білім алушының сөз ойлаушылық іс-әрекетін ынталандырады; сөз қорын кеңейтіп, тілін дамытады; оқылатын материалға деген қызығушылығын арттырады; баланың қиялын дамуға ынталандырады; сабақта эмоционалды-адамгершілік жағдайды туғызады; инклюзивті сыныпта білім алушының танымдық іс-әрекетін белсендіреді. Дидактикалық материалдың құрылымы мен мазмұны «Әліппе» пәнінің мазмұнына сәйкес құрастырылған, төрт бөлімнен тұрады: «Дыбыс. Әріп», «Буын. Сөз», «Сөйлем», «Мәтін».

Лиза Мауткановна АКЫЛБЕКОВА,
№ 65 мектеп – гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий