Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы

Құрастырылған диктанттар жинағы бастауыш сынып оқушыларының сауатты жазу дағдысын дамытуға арналған. Диктанттар жинағы 1-4 сынып оқушыларының жазу дағдыларын тиісті талапқа сай қалыптасуын жетілдіру мақсатында дайындалған құрал. Оқушылардың жазбаша сауатын жетілдіретін жұмыстың бірі – диктант. Жазба жұмыстарға, оның ішінде диктант жұмысына бірінші  сыныптан бастап ерекше көңіл бөлген жөн.

Диктанттың буын, терме, сөздік, көру, бақылау сияқты түрлеріне оқушыларды  бірінші сыныптан бастап үйрете беру керек. Диктант- орфографиялық, пунктуациялық дағдыны тексеру құралы. Диктант түрлері мұғалімнің алдына қойған мақсатына орай таңдалып алынады. Оқушының сауатты жазу, шығармашыл ойлау, көркем жазу, өтілген ережені меңгеруі жазылған тапсырмадан көрініп тұрары анық. Бұл болашақта жекелеген оқушылармен жұмысты қалай жүргізу керек екенін анықтауға көмектеседі.

Бастауыш буыннан ортаңғы буынға өткен оқушы келесі сатыға қиындықсыз өтсін десек, сауатты оқушы дайындауға диктант жұмыстарын тиімді қолданайық. Диктанттың түрлері. Диктант –жазу жұмысының бір түрі. Диктанттың түрлері үйрету мақсатына сәйкес әр түрлі болады. Дыбыстық диктанттарын өздігінен жазып төселген оқушыларға сол әріптерден құралған буын диктантын  жазу аса қиындық келтірмейді.  Буын диктантында да оқушылар естіген буынды іштей қайталап, онда қандай әріптер  бар екенін білген соң ғана жазуға кіріседі.

Сөздік диктант-сөзден және сөз тіркесінен тұрады. Өтілген ережеге сәйкес беріледі. Сөздік диктантта оқушыларды жеке сөздердің мағынасымен таныстыру көзделеді. Сөздік диктантқа мәтін таңдағанда мұғалім оқушыларға емлелік жағынан ауырлық келтіріп жүрген сөздерге баса назар аударылады. Таңдамалы диктант – өтілген ережені ойында қалдыру үшін беріледі. Мұнда оқушылар мұғалім оқыған текстен оқыған ережелерге сәйкес сөздерді немесе сөз тіркестерін теріп жазады.

Көру диктанты – тақтаға жазылған диктантты оқушылар өздері оқиды. Анықтап қарап, ережелерге сай келетін сөздерді байқады. Мұғалім өзі оқып береді. Текст жабылады. Оқушылар жазып болған соң текст ашылады. Оқушылар өз жазғандарын текспен салыстырып тексереді. Көру диктанты ережеге бағынбайтын сөздерді оқытқанда көп көмегін тигізеді. Ойша жазу диктанты. Оқушылар мазмұнды тексті оқып, жаттап, ережеге байланысты сөздерді ұғынған соң, есінде қалғанын ойша жазады, Оқушылар болғаннан кейін, дәптерге жазғандарын тақтадағы текст бойынша тексереді.

Сақтандыру диктанты. Бұл ережелерді есте сақтау, ережені қайталау мақсатында жүргізіледі. Мұғалім тексті оқиды. Тақтаға шыққан оқушылар ережеге сәйкес келетін сөздерін түсіндіріп, тақтаға жазады. Оның бәрін жазып, астын сызады. Мұндай диктанттар қиын ережелерді өткеннен кейін жазылады. Осы ережеге сай сөздердің дұрыс жазылуын алдын ала ескертіп отырады. Түсіндірмелі диктант. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жетелейді. Бұл диктант оқушылар тақырыпты жақсы түсінген соң жүргізіледі. Мұғалім тексті оқиды. Оқушылар қайталап дәптерлеріне жазады.

Диктанттың  тексті оңай, мазмұны ойда қалатыны болуы шарт. Бұл диктантты өткізудің әдістемесі басқалардан өзгеше. Мұғалім тексті толық оқып шығады. Онан кейін мазмұны аяқталған бөліміндегі басты ойды оқып шығады. Кейін мазмұны аяқталған бөліміндегі басты ойды бөле оқиды және текстің мазмұнын ауызша әңгімелеп тағы да тексті толық оқып шығады. Онан кейін мазмұны аяқталған бөліміндегі басты ойды бөле оқиды, текстің мазмұнын ауызша әңгімелеп тағы да тексті бөліммен оқып береді. Оқушы тексті ойында қалған бойынша жазады. (3-5 сөйлем).

Мұғалім бұл жолы оқушының мазмұны дұрыс, текстегі басты ойды бере білгенін қадағалайды. Диктанттың бұл түрі оқушыларды сауатты жазуға, грамматикалық формаларды дұрыс қолдануға және оның жазу тілінің дамуына әсер етеді. Бақылау диктанты. Бір үлкен орфографиялық тақырыпты өткен соң жазылады. Тексте өткен ережеге байланысты мәтіндер беріледі, бір немесе үш грамматикалық тапсырма беруге болады. Қорытынды бақылау жазба жұмыстары тоқсанның бірінші күні, мейрамнан кейінге және дүйсенбі күні жазылмайды.

Каншаим Кабдуловна СҮЛЕЙМЕНОВА,
№ 65 мектеп – гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий