Алдағы уақытта колледждерге педагог ретінде өндірістен мамандар тартылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылға дейін олардың жалақысы екі есеге артатыны белгілі. Ал колледж педагогтерінің мәртебесіне қарай қосымша ақылар енгізу енді қолға алынбақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің бүгін ұйымдастырылған кезекті аппарат жиналысында Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтты.    

Колледж педагогтерінің мәртебесі шеңберінде алғаш рет қосымша ақылар енгізіледі. Бүгінгі күні педагогикалық шеберлігі үшін 6000-нан астам колледж педагогтерінің лауазымдық жалақыдан 30 пайыздан 50 пайызға дейін үстемақы алады. Екі жүзден астам колледж басшылары лауазымдық жалақыдан 30 пайыздан толық жүз пайызға дейін қосымша ақы алады, – деді ол.  

Сонымен қатар, департамент директоры 17 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткенін, ротациялау тетігі, басшылар рейтингі енгізіліп, педагогтерді аттестациялау механизмі өзгертілгенін хабарлады. Алдағы уақытта колледждерге педагог ретінде өндірістен мамандарды қосымша үстемақы төлей отырып тартатын боламыз. Келесі жылы 15 мың педагог біліктілік арттыру курстарынан және арнайы тәжірибелерден өтеді. Оның ішінде бес мың педагог пәндік курстардан, – деді ол. Айта кету керек, басқарушылық менеджментті арттыру мақсатында колледж басшыларын ротациялау жұмыстары күшейтілетін болады.  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий