Үйден оқытылатын  оқушыларға арналған тіл дамыту, дүниетанымы, математикалық тапсырмалар жиынтығы туралы

«Адамның бір қызығы бала  деген», – деп Абай атамыз айтқандай биылғы 2022 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Балалар жылы» деп жарияланғаны баршамызға белгілі. Білімді ұрпағымыз еліміздің болашақ тірегі. Балаларды оқыту мен білім беруде, кәсіпке үйретуде, ерекше қамқорлықпен назар аудару қызығушылығын ояту керек. Ұсынылып отырған үйден оқытылатын  оқушылардың  сөйлеуін, ойлау қабілетіне орай құрастырылды.

Оқушы деңгейлеріне сай әзірленген. Олардың армандарын тыңдап, қиялындағы әдемі әлеміне саяхат шолу. Заманауи қоғамда кез келген мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамытып, оқушылар ұжымына біріктіру керек. Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру оқу мүмкіндігіне орай, тапсырмалар әзірленуі. Аталған жұмыс дәптерінде фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік бағытталған, геометриялық фигураларды, кесінді, сызық сынды тағы да басқа тапсырмаларын сәйкестендіріп, табиғатқа бақылау жасауы, жолда жүру ережесі, қоршаған ортаны аялауға бағытталған.

«Тіл дамыту оқыту мен жазу», «Қызықты есептер», «Адам. Табиғат. Жануарлар» «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» демекші, салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына ұқыпты қарап, өзіне-өзі қызмет жасай алтын тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Толкын Токеновна ЖАГЫПАРОВА,
№65 мектеп-гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий