Әдебиет әлемінен әңгіме    

Қазіргі кезде мектептің алдына қойылатын мақсат – бастауыш сыныптарда қолданылатын технология жеке тұлғаның ойдағыдай қалыптасуына ықпал етіп, баланың өзімен – өзі ,айналадағы адамдармен, отбасымен, құрбы – құрдастарымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеуді іске асыратындай болуға тиіс. Жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті өлшемдер: бала өзгермелі жағдайларға үнемі икемделіп, өзінің бойында бар мүмкіндіктерін, туғаннан берілген нышандарын толық жарыққа шығара алатындай болғаны дұрыс.

Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады. Мұнда халық ауыз әдебиеті үлгілері, жерлес ақын-жазушылардың шығармалары, еңбектері, елгесіңірген еңбектері енгізілді. Соның нәтижесінде жас шәкірттің ой-өрісін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілді. Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың ана тіліне қабілетін, қиялын, ойлауын, есте сақтауын, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Бағдарламаның міндеті: оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру; ақын – жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу; оқушы қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін ұштау. Бағдарламаның өзектілігі: білім беру процесінде жауапкершіліктің бір бөлігін оқушылардың өздеріне жүктеу. Баланың білім мен білігін қалыптастыру үшін – айналадағы адамдар мен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсу.

Оқушыларды әдебиетке баулуда оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата – ана арасында байланыс нығайып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артты. Ал, тәжірибе көрсеткендей, шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушының дүниетанымы артады. Күтілетін нәтиже: оқушылардың пәнге деген танымдық, шщығармашылық қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ынтасы дами түсті.

Білуге, үйренуге деген қызығушылықтары артты, ата-ана тарапынан баласына керекті кітаптарды тауып беріп, көмек көрсету жақсарды. Кітапханамен тығыз байланыс орнады. Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры, ойлау қабілеті артты. Оқушылардың ізденімпаздығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланды.

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналып жасалынды. Көмекші құрал ҚР «Білім  туралы» Заңының, ҚР «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отырып жасадым.

Мекенбике Кияшовна БАЙМАҒАМБЕТ,
№65 мектеп-гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

25

Добавить комментарий