Бастауыш сыныптарға арналған қызықты грамматика

Бастауыш сыныптарда оқушылардың грамматикалық  сауаттылығын дамыту және дыбыстардың айтылуы мен жазылуын меңгертуге арналған тапсырмалар берілген. Оқушының білім сапасын көтеру-негізгі мақсат. Олай болса, тақырып бойынша құрастырылған бұл деңгейлік тапсырмалар оқушылардың грамматикалық білімдерін толықтырып, пысықтап отыруына мүмкіндік береді.

Тапсырмалар арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, көркем жазуға тәрбиелеу, тапсырмаларды өз бетінше орындау дағдысы қалыптасады. Сонымен қатар оқушылар дыбыстық жүйені, фонетика, лексика мен грамматиканы терең меңгереді, шығармашылық қабілеттерін  арттырады, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады  және  еріктен тыс есте сақтауларын жүзеге асырады.

Тірек сызбалар арқылы өткен тақырыптарға шолу жасайды. Дыбыс пен әріптің айырмашылықтарын ажырата біледі, сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы білімдерін кеңейтеді. Өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиеленеді. Қазақ тілінде меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Еркін ойлауға мүмкіндік алады, өз ойын айқын да дәл жеткізе білуге үйренеді. Жан-жақты ізденушілігі артады.

Жалпы тапсырмалар арқылы оқушылардың грамматикалық талдау дағдысын, оқу сауаттылығын дамытуға болады. Мәтінмен жұмыс түрлерін түрлендіреді, әрі көркем жазуға баулиды. Сонымен қатар, оқушыларға жан-жақты ізденуге арналған тапсырмалар бере отырып, оқушылардың алған білімдерін  пысықтап, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға болады. Өз бетінше талдау жұмыстарын жасауға үйренеді.

Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттер  ашу және оны дамыту жақсы көзделеді. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымын терең меңгере отырып, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік – грамматикалық құрылымды орынды пайдалану осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып табылады.

Бұл тұрғыдан алғанда, оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған грамматикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары, диктант жұмыстарының алатын орны ерекше. Сауатты жазу – дұрыс ойлаудың көрінісі. Ендеше, бұл таңдау пәні  оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді.

Ардақ Жұмаханқызы МҰСТАФИНА,
№ 65 мектеп – гимназиясының б
астауыш
сынып мұғалімі, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий