Атырау облысының әкімі жас шахматшы Зарина Нұрғалиеваны қабылдады

Зарина Нұрғалиева Румынияда өткен Әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды. Өңір басшысы Серік Шәпкенов жас шахматшыны жеңісімен құттықтап, осы жылдың қазан айында Индонезияда өтетін Азия чемпионатына қатысуы үшін демеушілік көрсетілетінін айтып, сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
– Бәсекеге толы халықаралық сайысқа аттанғаныңызда сізге жанкүйер болдық. Чемпион атанғаныңызда ел болып бірге қуандық. 72 елден қатысқан 100-ге жуық мықтының арасында алғырлығыңызбен дараланып, спорттық шеберлігіңізді танытып, еліміздің атын оздырып, облыстың мерейін үстем еттіңіз. Сіздің бұл жоғары жетістігіңіз жастарға үлгі боларына сенемін. Жеңісті күндеріңіз бен алар асуларыңыз көп болсын! Байрақты бәсекеде көк туымызды желбірете беріңіз! – деді облыс әкімі Серік Жамбылұлы.
Айта кету керек, Зарина Нұрғалиева 72 елден жиналған 96 шахматшының арасында “классика” түрінен алтын жүлдеге ие болды. Ол АҚШ, Канада және Ресей елінің ойыншыларымен тең ойнаса, Үндістан, АҚШ, Польша, Украина, Әзірбайжан, Латвия және Ресей елінің шахматшыларын жеңіп, 11 кезеңде 9 ұпай жинады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий