Тілін ұлықтаған қазақ тілі бірлестігі

Тіл мерекесі аясында Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің қазақ тілі мамандарының ұйымдастыруымен мәнді де мағыналы іс-шара оздырылды. Бұл шараға оқушылар мен ұстаздар атсалысып, тіл айлығын қорытындылады. Кеш конақтарының қатарында аудан мектептерінің ұстаздары, оқушылар және жас мамандар болды.

«6-сынып оқушыларының сыныптан тыс шарасы, Алтын Жеңісқызының басшылығымен өткен “Әпке” драмасы әр көрерменге бауырмалдық, отбасылық құндылықты сақтау керектігі жөнінде терең ой салды. Қатысушы мұғалімдер құдды бір актерлер деп ойлайсың. Кеш соңында барлық ұжымның бірге сахнаға шығуы тіпті әдемі болды. Көпке үлгі болатындай шара болды» — деп жеткізді Ақсай қаласының №6 МЛ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алтынтас Бураншеева.

Ұстаздық жолынан бөлек басқа қырынан көрінген шығармашыл мұғалімдердің сахналық қойылымына көрермен тәнті болды. Ал аудан көлемінде оздырылған бұл кештің берері мол.

Анаргүл КУШЕРБАЕВА,
Бөрлі аудандық білім беру
бөлімінің баспасөз қызметі,
Батыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий