Ақмола облысы: “Жайдарлы жас ұлан” онлайн байқауының жеңімпазы анықталды
«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Жайдарлы Жас Ұлан» облыстық онлайн-сайысын өткізді. Іс – шара өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, балалар мен жасөспірімдер бастамаларын дамытуға бағытталған, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Сайыс төмендегі кезеңдер бойынша өтті: таныстыру; үй тапсырмасы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, командалардың бейне материалдары келесі талаптарға сай болуы керек: мәдениетті сахналық деңгейі (сөйлеу мәдениеті, сахнада өзін-өзі ұстауы), жанрлардың көптүрлігі, тапқырлық, актерлік шеберлігі және тағы да басқалар. “Жайдарлы жас ұлан» сайысында облысымыздың аудан/қалаларынан 12 топ бағын сынады.
Сайыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды: 1 орын – Бурабай ауданы, «Фаворит» командасы; 2 орын – Аршалы ауданы, «Балалар партиясы» командасы; 3 орын – Жақсы ауданы, «Қос нүкте» командасы. Жеңімпаз командалар дипломдармен, ал жеңген командалардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқандары үшін сертификаттар табысталады.