Президент Жолдауы: Жоғары оқу орындары кадрлар даярлаудың жаңа бағдарламаларын енгізуде

Жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу өңірлік кәсіптер атластары негізінде жүзеге асырылатын болады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде еңбек нарығында кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі қалай шешілетіні туралы айтып берді, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
– Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда талапкерлер бейсаналық түрде болашақ мамандығын таңдауға келеді. Білім алушылар арасында кәсіби бағдар беру жұмысын күшейту қажет. Кадрларды даярлау жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес жүргізілетін болады. Павлодар облысында жаңа мамандықтардың өңірлік атласы әзірленді. Өңірлік жоғары оқу орындары еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай жаңа білім беру бағдарламаларын әзірледі, – деді министр. Сонымен қатар С.Нұрбек хабарлағандай, Маңғыстау облысында мамандар даярлаудың жаңа тәсілі іске қосылды, жоспарда – Ақтөбе және Атырау қалалары.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий