Ақтөбе облысында заманауи білім ордасы ашылды

Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғындар алабының төртінші мөлтек ауданында 900 орындық жаңа мектеп ашылды. Заманауи білім ордасының жұмыс барысымен облыс әкімі Ералы Тоғжанов танысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бюджеттен бөлінген бір миллиард 540 миллион теңге қаржыға салынған жаңа мектепте балаларға сапалы білім берудің барлық мүмкіндігі қарастырылған: заманауи компьютерлік техникалар, интерактивті электронды тақталар, инновациялық бағдарламалардың құралдары қойылған мультимедиялық кабинеттер бар. Сонымен қатар, 58 оқу сыныбы мен 8 зертхана, 230 орындық акт залы, 312 орындық үлкен асхана, үлкен және кіші спорт залдары, робототехника, жеке жұмыс жүргізу, психолог кабинеттері заманауи талаптарға сәйкес жасалған.

Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы бейнекамералар, турникет орнатылған. Сондай-ақ, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін арнайы көтергіш крандар, дәретхана, логопункт жұмыс жасайды. Ералы Лұқпанұлы өңір жетекшісі ретінде оқушылар мен ата-аналар, ұстаздармен кездесіп, шараға жиналған жұртшылықпен  әңгімелесті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий