Батыс Қазақстан облысы: Жаңа мектеп пайдалануға берілді

Бәйтерек ауданындағы Жамбыл ауылында пайдалануға берілген жаңа мектептің салтанатты рәсіміне өңір жетекшісі Ғали Есқалиев қатысып, аймақтағы білім саласының ілгері даму барысы мен алда тұрған маңызды мінддеттерге тоқталды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жамбыл жалпы орта мектебі 2021-2022 оқу жылына дейін негізгі мектеп ретінде қызмет жасап, 79 оқушы білім алды.  Облыс әкімдігінің биылғы тамыз айының 16-ындағы №186 қаулысымен жалпы орта білім беретін мектеп мәртебесі берілді. Жаңа оқу жылында екі ауысым бойынша 174 білімгерді қамитын болады. Бірінші сыныпқа он бүлдіршін қабылданып, мектепалды даярлық сыныбында 11 бала тәрбиеленуде. Мектепте 25 педагог қызмет атқарады.

Жаңа білім шаңырағының ғимараты 308 орындық, жалпы құны – 1 462,9 миллион теңгені құрайды. Мердігер ретінде жауапкершілігі шектеулі «Альтаир» (бас директоры Н. Куангалиев) серіктестігі танылған. Жиырма алты оқу кабинеті интерактивті тақталармен жабдықталған. Сонымен қатар 40 орындық шағын орталық блогі, екі шеберхана, 1 информатика кабинеті, кітапхана және жиырма төрт орындық оқу залы, 81 орындық мәжіліс залы, жүз сегіз орындық асханасы бар. Мектеп ауласына төрт жаппа (беседка), 2 ойын, футбол, баскетбол, жүгіру және спорт алаңдары салынған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий