Жамбыл облысындағы білім байқауының жеңімпаздары

«Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен «Ясауитану-2022» байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл байқауға Ясауи шығармаларын жетік білетін аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 24 оқушы қатысып, екі кезең бойынша тапсырмаларды орындады. Бірінші кезеңде оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің 40 хикметтерінен жатқа айту бойынша сынға түскен болса, екінші кезеңде сайыскерлер Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге және Қазақстан тарихына қатысты дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Бас жүлдені Т.Рысқұлов ауданындағы №2 шағын орталықты орта мектебінің 11 сынып оқушысы Досхан Айтқұлов иеленсе, бірінші орынмен Тараз қаласындағы №11 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Айсұлу Мұрәділ мен облыс орталығындағы №56 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ұлдана Оралбай; екінші орынмен Жамбыл аудандық Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Гүлназ Ағасердар; Сарысу ауданындағы Әйтеке би атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бақдәулет Айтқұлов және үшінші орынмен Қордай аудандық №26 Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Фатима Исмаил; облыстық Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің 8 сынып оқушысы Шұғыла Чимкентбаева марапатталды.

Облыстық білім сайысынан бас жүлде мен бірінші орынды иеленген оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий