Шымкент қаласындағы білім сапасы басты назарда

Шымкенттегі жекеменшік мектептердің білім беру сапасы шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің жіті бақылауында болғандықтан өткен аптаның соңында Тассайдағы биыл ашылған “Зияткер Тұран” білім ордасына барды, – деп хабарлайды еліміздің үшінші мегаполисіндегі білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңа ғимарат 816 орынға лайықталып, үш қабатты типтік үлгіде салынған. Биылғы жаңа оқу жылында бұл мектепте бір ауысым бойынша 340 оқушы білім алуда. Әлеуметтік маңызы бар нысанда 260 балаға арналған асхана, акт залы, шеберхана, компьютер сыныбы, спорт зал, жалпы оқу кабинеттері қарастырылған.

– Кәсіпкерлердің білім саласындағы инвестициялары бұл салада бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді. Ал, бәсеке сапаны арттырары анық. Сапалы біліммен ғана саналы шәкірт тәрбиелей аламыз, – деді шаһар басшысы. Бүгінгі таңда жан басына қаржыландыру жүйесімен бұл қалада 31 225 оқушы 87 жекеменшік мектепте дәріс алуда. Ал мемлекеттік 151 білім ұясында оқитындар саны биыл 21 6735-ке жетті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий