Алматы облысының үздік ұстазы

Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін ерекше тұлғаны анықтау мақсатында аймақ басшысының қолдауымен ұйымдастырылған, «Жылдың үздік мұғалімі-2022» байқауы мәресіне жетті, -деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Үшінші кезеңнің қорытынды нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынмен Іле ауданындағы №40 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Балауса Саримова марапатталса, Ұйғыр ауданының №1 Шонжы мектеп лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ғалия Есенова  мен №8 дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын арнаулы гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Эльмира Рафикова екінші қатардан көрінді.

Үшінші орынды Қонаев қаласының орта мектеп гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Альбина Оразбаева мен облыстық әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің химия пәнінің мұғалімі Нұргелді Әбеу және Қарасай ауданындағы № 2 Қарғалы мамандандырылған лицейінің математика пәнінің мұғалімі Бектемир Халимбетов үшеуі қатар иеленген болатын.

«Үздік сабақ», «Үздік инновациялық тәжірбие», «Шығармашыл педагог», «Үздік портфолио» аталымдары бойынша Ш. Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицейінің химия пәнінің мұғалімі Гульзира Умирзакова; Қарасай аудандық Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Бопатаева; Еңбекшіқазақ аудандық Райымбек батыр атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гульжанат Туеханова; Жамбыл ауданындағы Қарсақбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ляззат Керимкулова; Кеген аудандық Жаңабаев атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Серікқызы озат атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий