Студенттік ұйымдарға қабылдау басталды

Қыздар университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде жастар ұйымдарына белсенді студенттерді қабылдау мақсатында өтетін «QYZPU FEST» ұйымдар жәрмеңкесі болып өтті. Жастар ұйымдары мен клубтар мүшелігіне 1,2,3 курстардан қосылуға ниетті студенттер өз қабілетіне, қызығушылығына, таңдауына қарай әр ұйымның белгілеген QR кодтары арқылы автоматты түрде тіркеледі, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Бүгінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 10-нан аса- студенттік ұйым бар. Студенттік өзін-өзі басқару органдары мен жастар ұйымдарының басты мақсаты – жастар арасында азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбиені қалыптастыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, білімгерлерді әлеуметтік қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау.

Ұйымдардың ұйытқы болуымен жыл сайын білім, ғылым, өнер және спорт бағыттарындағы сайыстар тұрақты өткізіліп тұрады. Барлық ұйымдар құрамына жаңа мүшелерді жинақтап алған соң, жалпы университет студенттері арасынан ұйымдар төрайымына дауыс беру басталады. Нәтижесінде төрайымдар, студенттік проректор мен студенттік ректорлар сайланады.

Студенттік ұйымға қабылдау университет студенттері үшін үлкен мереке. Өйткені жастардың еркіндікке, сабақтан тыс уақытында өзін-өзі дамытуына мол мүмкіндік беретін алаң. Мерекелік кешке белсенді студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. Сонымен қатар өзге де университеттің жастар ұйымдарынан студенттер келіп, өнерлерін тарту етті

Кеш соңы жастардың қосыла шырқаған әсем әуенімен аяқталды. Бойында креатив, патриотизм, шығармашылық, еріктілік (волонтер), шешендік өнер, ғылыми потенциал, өнер түрлеріне икем мен қабілет бар жастарды студенттік ұйымдарға қабылдау әлі де жалғасуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий