Жетісу облысы: ІТ мектеп – лицейдің жетістіктері жоғары

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын №28 ІТ мектеп-лицейі бар. Бұл білім ордасы осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2018 жылы ашылған болатын. Қазіргі кезде бұл мектепте 2456 бала  білім алуда. Заманауи ғимаратта барлық қажетті мүмкіндіктермен жабдықталған алпысқа жуық пәндік кабинет пен оқу залы бар кітапхана, спорт залға қоса асхана және оқу шеберханалары жұмыс істейді.

Жуырда бұл білім шаңырағына елі үшін аянбай тер төгіп, қызмет еткен арда азаматты ардақтау мақсатында әйгілі математик, академик Құлжабай Қасымовтың есімі берілді. Игілікті шараға физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Назарбай Білиев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мұратқан Дауылбаев сынды қазақтың көрнекті ғалымдары қатысты.

Құлжабай Әбдіқалықұлының отаншыл, мемлекетшіл перзент болғанын, өмірден өтсе де, соңында айта жүретін шежіреге айналған көп сырлары, ғажайып істері қалғанын әңгімелеген танымал тұлғалар әлемге әйгілі көрнекті ғалым, белгілі академик, физика-математика ғылымдарының докторы, сыйлы профессор, үлкен жүректі азамат ретінде зиялы қауымның арасында құрмет пен абыройға бөленген отандық білім мен ғылымның ілгері дамуына сүбелі үлес қосқан ғалым ғибратынан сыр шертті.

Құлжабай Әбдіқалықұлы 1935 жылғы қырқүйек айының 25-і күні бұрынғы Талдықорған облысының Көксу ауданына қарасты Талапты ауылында туған. Еңбекқор жан дифференциалдық теңдеулер саласында математикалық мектеп құрып, ұжымның ғылыми жұмысына басшылық жасаған. Сингулярлы ауытқыған теңдеулердің, асимптотикалық теорияның әйгілі маманы ретінде әлем ғалымдарына танылды. Мықты математик үш докторлық, елуден астам кандидаттық дисертацияға жетекшілік жасаған.

– Біздің мектепте 143 ұстаз білім береді. Оның ішінде педагог-шеберлер саны ,бесеу, педагог – зерттеуші – 39.  Әріптестеріміздің барлығы дерлік жемісті жетістіктерімен биік белестерді бағындырып жүрген мәртебелі мақтаныштарымыз. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Индира Байғожина республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы, грант  иегері. 2021- 2022 оқу  жылында  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Айдана Ераділова «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық байқауында жүлделі бірінші орынмен марапатталды.

Еспанова Гүлжанар Медеғалиқызы

Білім ордасы жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытатындықтан бұл бағытта дәріс беретін педагогтеріміздің осал болуы мүмкін емес. Физика пәнінің мұғалімі  Назгуль Жайлаубаева Алматы облысы әкімінің «Жастар» сыйлығы көшбасшы – 2019», «Ел үміті» аталымының, республикалық  «Roged science»  марафонының бірінші орын иегері,  HP Idea халықаралық жобасының түлегі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Меруерт Қонысбайқызы республикалық  «Жұмекен Нәжімеденов оқулары»  байқауында үшінші қатардан көрінді. Бұл тізімді тағы да жалғастырып, айта беруге болады, – дейді мектеп директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің  иегері Еспанова Гүлжанар.

2019-2020 оқу жылында мектептің тоғыз үздік оқушысы «Алтын белгі» иегері атанса, 2020-2021 оқу жылында бұл мәртебелі атаққа қол жеткізгендердің саны онға жетіпті. 2021-2022 оқу жылында 5 Алтын белгі. Осылайша бірнеше жылда жиырмадан аса Алтын белгі иегерін үлкен өмірге қанаттандырған ұйымшыл ұстаздар ұжымы олардың барлығы еліміздің жоғары оқу орындарында таңдаған мамандықтары бойынша грант негізінде жоғары білім алатын студенттердің қатарын толықтырып, бәсекеге қабілетті тұлғалар қатарын көрінгеніне қуанады.

Дәулет Жақанов мектеп оқушыларына роботты техниканы құрастырудың негізгі қағидаттарын түсіндіріп, жаңа технологияның қыры мен сырын түсіндіруге маманданған үйірменің жауапты жетекшісі. Жамбыл облысындағы әскери бөлімшелерде болған жарылыс кәсіби ұстазды бей-жай қалдырған жоқ.  Себебі бұл оқыс оқиға салдарынан сол маңайдағы елді-мекендердегі қаншама адамға зардап шегіп, соңы қайғылы оқиғамен аяқталғаны баршаға белгілі.

Тез тұтану арқылы маңайын отқа ораған жарылғыш заттардың түтіні арқылы дер кезінде дабыл қағылып, сол жерге өрт сөндіру бригадалары жедел жетуі үшін бұрыннан бар арнайы техникаларды жетілдірудің қажеттілігі көрінгені даусыз. Осы орайда пән мұғалімі оқушылардың қиялы мен ойын бір арнаға тоғыстырып, жаңа үлгідегі роботты техниканы құрастыруды қолға алғанын айтады. Мектеп директоры Гүлжанар Медеғалиқызының айтуынша осы және басқа да бағыттағы білім байқауларында бағын сынап, қатарластарынан озық көрініп жүрген жастар жетерлік.

Индира Байғожина

Сейдалиева Аружан құқық негіздері пәні бойынша бірінші орын, 9 – сынып оқушысы  Пягай Елизавета – қазақ тілі  орыс  сыныптарында, үшінші орын, Қазақстан тарихы бойынша 11 А сынып оқушысы Жүнісәлі Ақбота – үшінші орын, 10 Ә сынып оқушысы Тұрсын Меруерт – химия  пәнінен үшінші орын, Медеу Мерей, Слятаева бірінші орын, республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі Кажигумар  Аружан бірінші орын, республикалық «Дарын» ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша облыстық кезеңі Жандосұлы Даниал, Жолдасхан Ақжан бірінші орын, облыстық «Үздік ІТ құрастырушы»  жарысында  «графикалық дизайн құзіреттілігі» бағыты бойынша  Жандосұлы Даниал, Жолдасхан Ақжан үшінші орын.

Облыстық роботты техника   «KazRoboSport – 2022» бірінші орын, Мырзақұл Арлан – математика пәнінен «Алтын  түлек» олимпиадасынан бірінші орын  және  AQS-2022  сынағының Талдықорған қаласы бойынша жеңімпазы,  Достық ББО грантына ие болып, 2022-2023 оқу жылында тегін оқуға мүмкіндік алғанын білдік. «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының оқушылар арасында  «Mibattle» командалық  сайысының облыстық кезеңінде үшінші орынмен марапатталыпты.

– Білім ордасының жетекшісі Гүлжанар Еспанова бастаған ұстаздар қауымының жас ұрпаққа берер тәлімі зор. Сондықтан барша педагогтерге айтар алғысымыз шексіз. Тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Орманбекқызының балаларға жан-жақты білім беріп, ұлттық тәрбие үрдісімен сусындатудағы еңбегі ерен. Балам Даниалды әр қырынан танып, қабілетінің ашылуына себепкер болған осы ұстаздың есімін мақтанышпен айтамын.

Жоба жетекшісінің ақыл-кеңесімен менің ұлым «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған «Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы» атты ғылыми конференцияда бірінші орынды еншілесе, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, 1-7-сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХIV республикалық конкурсының қалалық және облыстық кезеңінде бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, ал  республикалық кезеңде және «Үздік ІТ құрастырушы»  жарысында «графикалық дизайн құзыреттілігі» бағыты бойынша  ІІІ орынды қанжығалады, – дейді ағынан жарылған ата-ана Балжан Мұқанова.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий